Елімізде жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету және жаңа оку жылының басталуы қарсаңындағы мектепке дайындық кезінде әлеуметтік себептерге байланысты олардың 1 қыркүйекте мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Оның мәнісі аз қамтылған көп балалы отбасы балаларының жаңа оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау.
Елбасы «Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің алдындағы қыруар міндеттердің бірі – өзінің лайықты ертеңін, яғни жас жеткіншектердің болашағын қамтамассыз ету», деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Мемлекет басшысының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды шараларды қолға алып отыр. Соның бірі – «Мектепке жол» республикалық акциясы.
Тәуелсіздігіміздің аясында алаңсыз өмір сүріп, тәрбиеленіп жатқан ұрпағымыздың жалғасы – өрімдей бүлдіршіндердің балалық шағының уайымсыз өтуіне өз үлестеріңізді қосып, демеушілік жасауға шақырамыз!
«Мектепке жол» акциясы оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.
Байланыс телефондары: 3-33-96
Әлеуметтік педагог: 87775755331
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/770-mektepke-zhol.html#sigFreeIde7f4d9bc00