"Бұл палата инклюзивті білім беру жүйесін енгізуді қолдайды" тақырыбында пікірлерін ортаға салып, үздіктерді анықтады - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Сарыарқа саңлағы" облыстық жастар жобасы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық дебат турнирі өткізілді. Турнир барысында оқушылар "Бұл палата инклюзивті білім беру жүйесін енгізуді қолдайды" тақырыбында пікірлерін ортаға салып, үздіктерді анықтады. Турнир нәтижесінде мектеп намысын қорғаған 6"А" сыныбы оқушыларынан құралған "Ақиқат" тобы мықтылардың қатарынан табылып, жүлделі 3-орынға ие болды. Сонымен қатар, "Ақиқат" тобының 1-спикері Қазыкен Мадина турнир барысында білгірлігі мен біліктілігін паш етіп, турнирдің үздік спикері атанды.