Құрметті ата-аналар, қымбатты балалар, мұғалімдер және біздің сайттың қонақтары!
Мен сіздерді мектебіміздің сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын. 30 жылдан астам уақыттан бері біздің мектеп-лицей күн сайын таңертең оқушыларға есігін айқара ашып келеді. Бала үшін мектеп тек білім алатын орын емес. Бұл – күнделікті ашылатын жаңалықтар, құрдастарымен қарым-қатынас, шығармашылық ойындар мен хоббилер әлемі.
Баланың қабілетін дамытуға, оның талантын ашуға және жеке әлеуетін іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін мектепте көптеген жылдар бойы қосымша білім беру жүйесі табысты жұмыс істеп келеді: үйірмелер мен спорт секциялары.
Баланың интеллектуалды дамуына ғана емес, сонымен бірге оның физикалық денсаулығына қамқорлық мектеп асханасында толық және теңгерімді тамақтану арқылы жүзеге асырылады.
Біздің мектеп–оқытудың заманауи әдістері, инновациялық технологиялар және оқу материалын қол жетімді әрі қызықты етіп ұсына алатын мұғалімдер. Бұл, сондай-ақ, оқушыларға қажетті барлық заттармен жабдықталған сынып бөлмелері бар заманауи мектеп ғимараты.
Абай атындағы №4 мектеп-лицейі – Жетістік мектебі: біз кемшіліктермен күреспейміз, артықшылықтарды дамытамыз. Бұл – тең, бірақ алуан түрлі мүмкіндіктер мектебі. Біз сәтсіз адамдар жоқ деп мәлімдейміз. Егер тиісті мүмкіндіктер берілсе, әркім жетістікке жете алады. Біз осындай мүмкіндіктерді барлығына ұсынамыз.
Толығырақ білгіңіз келе ме?
Біздің сайтқа қош келдіңіз. Сіз біздің мектеп туралы көбірек білетін боласыз.
Құрметпен,
мектеп директоры Иманбаева - Казбекова Галия Танирбергеновна