Құрметті ата-аналар! - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Құрметті ата-аналар!📣📣
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ Сіздің назарыңызға орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес қала бойынша мектеп формасы бірыңғай түсті гаммада – қара көк түсте болатындығын жеткізеді.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка).
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Абай атындағы №4 мектеп-лицейі егер баланың мектеп формасы мектепте бұрын қолдау тапқан түс гаммасында болған жағдайда, ата-аналарға осы оқу жылында жаңа форма алудың қажеті жоқ екенін хабарлайды!