Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата - ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – қаламыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел - жұрты үлкен үміт күтеді. Мектебімізде 39 түлекте 11 сыныпты аяқтап, оның ішінде Аскапова Мадина сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап - өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар қаламыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспіз!
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілейміз!
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/727-on-bir-zhyl-mektepte-zdik-o-yp-ata-ana-men-stazdaryny-uanyshy-bol-an-mektep-bitirushi-t-lekter-alamyzdy-ana-emes-elimizdi-de-ma-tanyshy.html#sigFreeIda07a704a2e