Облыстық деңгейде өткізіліп отырған «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы жоспарына сәйкес 19 қаңтарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акимжанова Г.С. 11«А» сыныбымен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында оқу сауаттылығы бойынша тест өткізді. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілген тест жұмысында оқу сауаттылығы бойынша төрт мәтін және олардың мазмұны бойынша бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілді. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар белсенділік танытты және өте жақсы нәтиже көрсетті.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/174-khkhi-asyr-sauatty-rpa-asyry-atty-o-u-sauattyly-y.html#sigFreeIdb7c45e745e