Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Соңғы кездері көрші елдерде орын алып жатқан қайғылы жағдайларға байланысты білім ошағындағы оқушылар мен мұғалімдер, басқа да қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында
бүгін мектебіміздің кіші қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі тақырыбында семинар өтті. Оқыту семинары барысында терористтік жағдайлар орын алғанда қандай әрекет жасау керек, өрт болған жағдайда сақтық шаралары туралы видеороликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.