«Қазақстан балалары - қысқы ертегі» атты іс-шаралар болып өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қысқы демалыс кезеңінде балалар уақытының тиімді қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру мақсатында мектебімізде «Қазақстан балалары - қысқы ертегі» атты іс-шаралар болып өтті.

5 қаңтар күні 8-сыныптар арасында «Осындай мамандықтар бар» презентациялар байқауы. Мақсаты қазіргі сұранысқа ие мамандықтар жайлы ізденіп, баланың қызығушылығы мен ізденісін арттыру. Байқауға 5 оқушы қатысып өздерінің таңдаған мамандықтарын, яғни қазіргі таңдағы сұранысқа ие СММ маманы,эколог, экономист, дизайн мамандықтары жайлы толық ақпарат бере отырып, болашақта өздері сол маман ие болатындары жайлы айтып өтті. Байқау қортындысы бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру мақсатында 4-сыныптар арасында «Әрқашан адал болу оңай ма?» тақырыбында эссе жазды.
Мектеп ауласында 4-5- сыныптар арасында «Веселые старты на свежем воздухе» атты көңілді эстафета сайысы өтті.
6-сыныптар арасында «Пионербол», 5-6 сыныптар арасында футболдан жарыс өтсе, 8-11 сынып оқушылары үстел теннисін ойнады. Оқушылар демалыс уақытын тиімді өткізіп, аталған іс-шараларға белсене қатысып жүлделі орындармен марапатталды.
6 қаңтар күні 9-сынып оқушыларына «Сәтбаев индустриалдық колледжімен» кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар колледждегі барлық мамандықтармен, оның ішінде «Электр және газбен дәнекерлеуші», «Токарь», «Құрылыс жұмыстарын әрлеу шебері», «Аспаз-кондитер», «Автокөлік слесары» мамандық иесі болып шығатыны жайлы білді. Және ғимарат ішімен танысты.