ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Бүгін, 28 желтоқсан күні Қарағанды қаласының Оқушылар сарайында Қарағанды облысының білім беру ұйымдары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті.
2000-нан астам отбасы қатысқан облыстық байқауда 15 отбасы іріктеу кезіңінен өтіп, ақтық кезеңге жолдама алған болатын. Ақтық кезеңде Сәтбаев Қаласының Білім Бөлімі "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ намысын қорғап " Буктрейлер" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болған "Серік" отбасын құттықтаймыз!
Жеңімпаз отбасы - дипломмен, 100 000 теңге ақшалай сыйлық, "Qasym" баспасы кітаптарымен, үстел үсті ойыншықтар жиынтығымен, ал жетекшісі - Айжан Кенжебаева Қарағанды облысы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
"Оқырман отбасы" облыстық байқауды жоғарғы дәрежеде ұйымдастырып, отбасылар мен жетекші ұстаздарға қолдау көрсеткен Қарағанды облысы Білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығына алғыс білдіреміз.
Мектеп әкімшілігі атынан Серік отбасына алғыс айтамыз.
Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғыртатын оқырман отбасылар көбейе берсін!