Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 9"В", 9"Д", 9"Г" сынып оқушылары үшін "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын, құқықтарын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Ақпараттық кездесу "Сенің құқығың", "Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері",
"Тығырықтан шығар жол қайсы?", "Бейнефильмдер айдары", "Көкейде жүрген сауал", "Сауалнамаға жауап" атты бөлімдерді қамтыды.
Кездесуде әлімжеттік пен құқық бұзушылықтың алдын алу, «Кәмілетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан кешікпеу, сабақтан қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізіліп, оқушылар өзара пікір алмасты.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/ru/news/832-zhas-spirimder-arasynda-y-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-2.html#sigFreeId9dacca9226