Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 9"А" және 9"Б" сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті (2) - КГУ «Школа-лицей №4 имени Абая»

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 9"А" және 9"Б" сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға  тәуелсіз еліміздің құқық қорғау органдарының міндеттерін, құрылымын, қызметін түсіндіру, олардың мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік құрылым екендігін ұғындыру. Аталған кеш жыл сайын құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.
Кездесуде Сәтбаев қаласының полиция майоры Р.Р. Ильдебаев және полиция аға лейтенанты С.Қ. Алтынбеков қатысты. Кездесуде бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мәселесі қазіргі уақыттағы көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғандығы айтылды. Қоғамдағы ең басты мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндеті болып саналатынын жеткізді. Кездесу барысында қонақтарға оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Оқушыларымыздың   құқық саласы бойынша білімдері толықтырылып, құқық бұзушылыққа  бармайтындай танымдық тамаша кездесу болды.