«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жүргізіліп жатқан «Өнегелі өмір» жобасы, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ, "Бала құқығы – адам құқығы" Республикалық айлығының аясында, «Тәуелсіздік құрдастары» атты айдар бастау алып, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ түлегі, Сәтбаев қаласының көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция капитаны - Арыстанбеков Аясын Ермекұлымен кәсіптік бағдар беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты - жетістікпен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, балалар мүддесі үшін саналы тәрбие қалыптастыру. Кездесу барысында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары құрметті қонаққа өз сұрақтарын қойып, мамандық таңдаудағы ойларымен бөлісті.
Аясын Ермекұлы өз сұхбатында балалық шағының қызықты сәттерімен бөлісіп, өз мамаңдығы жайлы толық ақпарат беріп өтті. Мектебіміздің болашақ түлектеріне өз ақыл кеңесін айтып, таңдаған мамаңдығының қыр-сырын ашып берді. Бұл кездесу оқушылар үшін маңызы зор, тағылымды іс-шара болды деген ойдамыз.