"Сәтбаев индустриалдық колледжі" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қарашаның 1 күні мектебіміздің 9 "В" сынып оқушыларына "Сәтбаев индустриалдық колледжімен" таныстыру шарасы ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің мақсаты - еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, мектеп оқушыларының бойында болашақ мамандықтарын таңдау еркіндігін қалыптастыру. Шара барысында жалпы мамандықтар жайлы, шәкіртақы, оқу мерзімі сонымен қатар колледж ережелерімен таныстырылды. Шеберхана және колледж аумағына экскурсия жүргізіліп, тәжірибелік оқу кабинеттеріне шолу жасады.