«Жыл мұғалімі-2021» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

29.10 күні «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жыл мұғалімі-2021» байқауының ІІІ ақтық кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаты — шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған балалар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау болды.
Байқаудың қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Сарсенова Айнур Куралбековна иеленді!
Құттықтаймыз!
Білім әлеміне мейірімділікті, жомарттықты, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді шәкірт бойына ұялататын әріптесімізге еңбегіңіз жана берсін демекпіз!