Қамқоршылар күні - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

29 қазан-Қамқоршылар күні Түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. «Қайырымдылық жасасаң, қайрымын өзің көресің» - деген екен дана халық... «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. ҚҰРМЕТТІ ҚОРҒАНШЫ-ҚАМҚОРШЫЛАР, сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызда бақыт тілейміз. Қамқор болып отырған балалардың жетістіктерін бірге көрейік. Мерекелеріңіз құтты болсын.