Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Кел, балалар, оқылық" апталығы аясында «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты 5 «Д» сынып оқушыларымен оқу сағаты өткізілді.
Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
«Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бір уыс мақта», «Бақша ағаштары», «Түлкі мен ешкі», «Бай мен жарлы баласы», «Мейірімді бала» әңгімелері оқылып, балалар өз пікірлерін ортаға салды.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/956-al-ash-y-staz-al-ash-y-dana-babam.html#sigFreeIdc2e0994e1c