Абай атындағы мектеп-лицейінде қазанның 18-күні ҚР білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағанбетов, облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ш. Қожахметова келіп, ұжым жұмысымен танысты. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы мектеп-лицейінде қазанның 18-күні ҚР білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағанбетов, облыстық білім басқармасының басшысы    Г.Ш. Қожахметова келіп, ұжым жұмысымен танысты.
       Абай атындағы мектеп-лицей ұжымы құрметті қонақтарды  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралармен таныстырды.
    2019-2020 оқу жылында  «Үздік оқырман» байқауын жариялап, қамқоршылық кеңестің қолдауымен жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа 3 велосипед жүлде тігіп, жеңімпаз оқушыларды марапаттағаны туралы жеңімпаз оқушылардың бірі Жақсылық Жұлдыз баяндады.
    Мектеп дәлізінде оқуға ұсынылған кітаптар QR-кодталып қойылған, бұл оқушыларға сол шығармалардың өз телефондарына жүктеп алып, оқуына мүмкіндік береді. Мектептегі коворкинг орталығынан басқа жаңа оқу алаңы да оқушылардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Ол оқушыларды кітап оқуға ыңғайлы орындарымен де, әдемілігімен де тартуда. Оқу жылы басталған 1,5 ай ішінде әр сыныптың оқыған кітаптары туралы қызықты мәлімет  QR-кодталып коллаждан көрініс тапқаны туралы оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесінің президенті Ақерке Амантаева әңгімелеп, министрдің бірнеше сұрақтарына жауап берді. 
     Жалпы, мектеп-лицейінде барлық іс-шаралар оқуға құштарлықты арттыруға бағытталған. Эстетикалық сауаттылық апталығының нәтижесінде де қолөнер туындыларын кітап кейіпкерлері екенін көрмеде қойылған кітап пен оның қаһарманының бейнесінен, мүсінінен анық байқауға болады. Мысалы: А.Құнанбаев кітаптары— Абай   бейнесі, ертегілер – ертегі  кейіпкерлері, ҰОС туралы кітаптар – Кеңес  Одағы батырларының бейнелері т. б. Бұл – адам  қиялын кітап оқу арқылы дамытатындығының бір көрінісі. 
   Әрине, мектеп-лицей мақтанышы – Республикалық «Менің елім – Қазақстан» жобасының жеңімпаздары: Дүкенбай Мақсат пен Синцов Андрей, облыстық «Болашаққа жолдама» форумының жеңімпазы Дубинин Андрей, жасанды интеллект смарт робот құрастырған Назырбек Ерасыл, Аманжолова Нұрай, өз роботтарының  ерекшеліктерін қуана көрсеткен Қозы-Көрпеш Арман және Абдикаримов Алмазбен мектеп ұжымы мақтанады. 
 Жалғасы⬇️⬇️⬇️

 

Өздерінің кітап оқуға құштарлықтарының нәтижесінде жеткен жетістіктері туралы «Бір отбасы – бір кітап» облыстық акцияларының жеңімпаздары Ғаббас Фараби мен Айару, тәуелсіздіктің 30 жылдығына Абай Құнанбаевтың 30 өлеңін жаттаған Серік Қайсар, кітапқұмарлар Құралқызы Зәулім, Акшалова Альмира, Қайратқызы Аяулым әрқашан ынтамен, әсерлі баяндайды. 
Кітап оқуға деген құштарлық – білімге, ғылымға, биік армандарға жетелейтіні сөзсіз. Біз оқушыларымызға «әрқашан армандарыңыз асқақ болсын» демекпіз!