🍞🥘🍲Ас — адамның арқауы!
Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басынан бері мектеп асханасы өз жұмысын жалғастыруда.
🍛Асханада көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және бастауыш сынып оқушыларына күніне бір мезгіл ыстық тамақ беріледі.
🍳🥘🥗Осыған орай оқу ордамызда құрылған бракераждық комиссия мүшелері 06.10.2021 оқу жылында оқушылардың асханадағы тамақтанатын жұмысымен танысып, бекітілген талаптарға сәйкестігін тексерді. Атап айтқанда:
🍳Ас үй жайларының жағдайы;
🥘Күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сай болу;
🍞Тағамдардың сертификатталуы және талаптары зерделенді.
🥛🍚Қорытындысында ас үй жұмысының тиісті өлшем шарттарға сәйкес екені анықталып, комиссия мүшелері оң бағасын берді.
👦🏻👧🏻Әр оқушының өмірі мен денсаулығы біз үшін ең бастапқы орында!
🍞🍲🥗Ас — адамның арқауы!
🥘Дастархандарыңыздан дәм үзілмесін!
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/929-as-adamny-ar-auy-2.html#sigFreeId2cdf632827