5-қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Б.п. әр оқушы Абайдың қара сөздерін білуі керек деп есептейді" тақырыбында американдық парламент форматында сөз таластырды. Тақырып аясында спикерлер Абайдың қара сөздерінде қарастырылған қазақ қоғамындағы түйткілді мәселелерді ортаға салып, даналыққа толы һәкім сөздерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Ойын барысында оқушылар дана бабамыздың сөздерін білу қаншалықты маңызды екендігін ой елегінен өткізіп, білім алуға, мәдениетке, өнерге ұмтылуға шақырған қара сөздер сөзсіз оқушылар үшін ғана емес әрбір буын өкілі үшін рухани қазына болып табылатындығына бірауыздан келісіп, ортақ көзқарасқа тоқтады.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/803-b-p-r-o-ushy-abajdy-ara-s-zderin-bilui-kerek-dep-eseptejdi.html#sigFreeId9af2a94750