Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету! - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің әкімшілігі барлық жеке кәсіпкерлерге, демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді.

📌 "Мектепке жол акциясы" өз жалғасын табуда!