Іс-шараның мақсаты жаңа оқу жылының алдында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.
«Мектепке жол» акциясы аясында мектебімізде көп балалы, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыларға жаппай оқу қоры есебінен ата-аналардың өтініштері бойынша 42 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарлары таратылып, 48 оқушыға спорттық костюм күтілуде.
Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды қамтиды. Іс-шараға оқушыларға қолдау көрсеткісі келетін әр азамат, ұйым, кәсіпорын үлес қоса алады.