2021-2022 оқу жылының басты жаңалығы — Қазақстанның барлық мектептерінде қоңырау үнінің орнына халқымыздың асыл қазынасы — күй орындалатын болады
Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау үнінің өзгешелігі күмбірлеген күй — оқушыларды әр сабақтан кейін үзіліске, үзілістен сабаққа шақыратын болады.
Жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру мақсатында, ұлттық рухты мәңгі қалдыруға байланысты салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ғұламалардың үнін ұрпақ бойына сіңіру мақсатында мектебімізде тың бастама қолға алынды.
Оқушылар қоңырау үнінің орнына енді халқымыздың асыл күйлерін еститін болады.
Құлаққа жағымды әуендер әрбір жеткіншекті ұлы ұлттың перзенті екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Қымбатты оқушылар, Сіздерді қашықтан оқу форматынан кейінгі дәстүрлі оқу форматында осындай жақсы жаңалықтар мен өзгешеліктер қуантады деп сенеміз!
Жаңа оқу жылында мектеп ұстаздары мен әкімшілігі сіздерді асыға күтеді!!!