Биылғы жылы "Менің таңдауым-балаларға көмек" ұранымен өткізілуде. Шараның мақсаты- әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қамқорлық көрсету, білім алуға қажетті оқу құралдармен қамтамасыз ету және олардың жаңа оқу жылына даярлығын қамдау болып табылады.
Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Сіздерді өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында акцияға қатысуға шақырамыз!