Smart демалыс - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы №4мектеп-лицейі"КММ жанынан ашылған"Smart демалыс"жазғы сауықтыру алаңы I кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шарада балалар үшін барлық жағдай жасалып, қызықты ойын түрлері мен көңілді марафондар жүргізілді.
«Smart демалыс» жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанатында барлық қатысушы балалар өз өнерлерін көрсетіп, тыс қалдырылмады. Балалар топ болып, жекелей ән салып, би биледі. Өз шығармашылығынан «Smart демалыс» жазғы сауықтыру алаңына арнап шығарған өлең шумақтарын да оқыды, балаларға тәттілер таратылды. І кезеңнің жабылу салтанаты сәтті өтті.