“Абай атындағы №4 мектеп -лицейі” КММ «Балдәрен» жазғы сауықтыру орталығында жоспар бойынша “Жолда жүру ережесі” тақырыбы аясында қатысушыларымызға арналған тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты- көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан балалардың түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға міндет. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балаларымыз да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Іс-шара қатысушыларымыздың өн бойына жауапкершілік сезімін ұялатты. Оларды жолдастыққа, сақтық қарым- қатынасқа баулыды.