Абай атындағы «№4 мектеп-лицейі» КММ Smart демалыс «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында «Алғысым шексіз-Жер Ана» ЭКО day іс-шарасы табиғатқа деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара жоспары бойынша оқушыларға еліміздің табиғат жағдайы және табиғатқа қамқорлық жасау әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылармен қалдық заттардан пайдалы бұйымдар жасап көрме ұйымдастырылды. Әр топ осы іс-шараға байланысты суреттер ЭКО day салып, өз ойлары арқылы қорғады.