«Абай атындағы #4 мектеп-лицейінде” “Smart демалыс” жазғы сауықтыру алаңының бүгінгі күн жоспары бойынша “Еркін оқу пазлы” тақырыбы. Осы тақырып аясында қатысушыларымыз ертегілер еліне саяхат жасады.
Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық мұрамыз. Ертегіні сүйіп тыңдамайтын бала жоқ. Барлығымызда кішкентай кезімізден ертегіні тыңдап, ертегі ғажайыптарына сеніп өстік.
Ендеше лагерь қатысушыларымызда ертегілер еліне саяхаттап, түлкі, ешкі, қызыл телпек, айдаһар, торай т.б ертегі кейіпкерлерін сезініп, өз өнерлерін көрсете алды.
Ертегі қойылымының мақсаты - балалардың әдеби фрагменттері арқылы, көрнекіліктер мен кілт сөздерді пайдалана отырып кейіпкерлерді сомдауға үйрету. Эмоционалды қайырымдылық сезімдерін қалыптастыру. Балалардың сөйлеу барысында ертегінің атауын, ертегілердегі кейіпкерлердің аттарын белсенді түрде қолдану.
Балалардың бастамашылдығын, сөйлеу мәнерін сонымен қатар қиялын, назарын, есте сақтау қабілетін дамыту, ертегілерге деген қызығушылығын және сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.