«Жаз қызығы кітаппен» атты кітап оқу маусымына шақырады.
Мақсаты:
Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Өсіп келе жатқан ұрпаққа оқу құндылықтары және оқу маңыздылығы мен кітап мәдениеті туралы ойды қалыптастыру.
Осы орайда, жазғы лагердегі демалушы балалармен әртүрлі іс – шаралар жүргізілетін болады. «Алдар – Көсе» ертегісі бойынша әдеби суреттеме, «Ы.Алтынсарин» әңгімесіне буктрейлер, «Қожанасыр хикаяларын» талқылау, Астана күніне орай «Жайнай бер, жас Астана» поэтикалық марафон, М.Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы бойынша бейнефильм көрсету, «Әжемнің ертегілері» жаппай оқу. Өскелең ұрпақты рухани құндылығымыз кітаппен достастыру мақсатында біздің кітапханамызда іс – шаралар жалғасын таба береді. Сондықтан туған өлке тарихымен танысып, көркем әдебиетпен сусындаймыз десеңіз кітапхана есігі сіздерге әрдайым ашық.