“Абай атындағы #4 мектеп-лицейінің" "SMART демалыс” жазғы сауықтыру алаңының 3-күні жоспар бойынша “Спидкубинг” тақырыбы аясында TWIX, CRAZY DANCE, CRYSTAL топтары арасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен “Квест” ойыны өтті. Ойын барысында жүргізуші топ қатысушыларына ортақ тапсырма планшетін берді. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар әр кезең ережесіне сәйкес түрлі “сынақ бекеттерінен” өтті. Ережеге сәйкес, қатысушылар жасырын сөзді тауып, мақалдардың ретін қойып, жұмбақтар шешті. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға байланысты қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Ойын соңында барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп “CRAZY DANCE" тобы жеңімпаз атанды.