Армандар орындалады - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат. Арман сөзінің қолданылу аясы өте кең.
Осы орайда "Абай атындағы #4 мектеп-лицейі"КММ жанынан ашылған жазғы сауықтыру алаңында «Армандар орындалады» тақырыбында іс-шара өткізілді. Онда оқушылардың кішкентай бала армандары мамандық түрлерімен, олардың міндеттері мен қызметтерінің ерекшелігімен танысу. Сонымен қатар мамандық құндылығы туралы түсініктері кеңейіп, әңгімелесу барысында оқушылар өскенде кім болғылары келетіндерін айтып, ой бөлісті. Осы тақырыпта әр топ армандар картасын жасады. Қаламыздың полиция қызметкері, тіс дәрігері, шаштараз қызметкері, сатушы қызметкерлерінің бір күндік жұмысымен танысып, кездесіп көріп бала армандарының бір бөлшегі орындалғандай сезімде болды. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өмірлерінің бір кірпішін дұрыс қалауы керектігін түсінісіп қайтты.