“Менің Отаным- Қазақстан” - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Сүйінші!!!
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен “Менің Отаным- Қазақстан” туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті.
«Туған жер» бағдарламасы аясында оқушылар арасында өлкеміздің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ісшараға Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылар командасы қатысты.
Слет барысында оқушылар командасы «Бард әндері» байқауы, «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкенің тарихы», «Экологиялық соқпақ», «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналықкөмек көрсету», «Туризм білімпаздары» өлкетану, экологиялық және туристік блоктан тұратын презентациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-өлкетану экспедициясы жасақтарының облыстық слетінің қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылар командасы жүлделі орынды иеленді.
Оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған Галия Болысбековна, Айгуль Самбетовна, Эльмара Бахуадиновна, Анжела Александровна, Мираш Муратбековна,
Гульдаурен Ырзалыковна,
Ақгүл Советовна, Бакытжан Қайратовна, Айгерим Нургалиевна, Жасулан Қалтаевич, Гүлжан Айтуғановна, медбикеміз Жұмакүл Ертаевна және Айгерим Билимжановнаға алғыс айтамыз!