Жаз айлары-мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.
Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің дем алуларына, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану,экологиялық және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында «Абай атындағы #4 мектеп-лицейі» КММ жанынан «SMART Демалыс» жазғы сауықтыру алаңындағы өз жұмысын бастады.
«SMART Демалыс» алаңының алғашқы аптасы экологиялық бағытта бастау алды. Экологиялық сауаттылығын арттыруда түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл іс-шаралар балаларды қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, табиғи ортамызды қорғай білуге шақырады.