«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ нің 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында HR+ психологиялық педагогикалық автоматтандырылған жүйе негізінде ұсынылған мамандық пен оқу орнын таңдауға тура жолды ұсынатын «MyCollege.kz» сайтын қолдану жолдары мен болашаққа жол көрсететін мол мүмкіндіктер көзі екендігін ашып түсіндіру мақсатында оқушыларға «ЦИФРЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ» тақырыбында мектеп психологы Дана Ерманкызымен семинар өткізілді. Семинар барысында «MyCollege.kz» сайты арқылы оқу орындары туралы барлық ақпарат алуға және оқу орындары туралы толық мәліметтерді қарап шығып, таңдаған оқу орнына онлайн өтінім қалдыра алатындықтары жөнінде толығымен түсіндірілді. Сайтта ұсынылған сауалнама арқылы оқушы өзінің икемділіктері мен бейімділіктерін, психологиялық типін анықтай алатындығы және осыған орай бағдарлама автоматты түрде балаға лайықты мамандықты ұсынатындығы жөнінде барлық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сайтта ұсынылған мүмкіндіктерді оқушылардың қолданып жатқандығы және қызығушылықтарының жоғары екендіктері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Әр бала өз таңдауын жасауға құқылы! Біздің мақсатымыз оқушыға кәсіби бағдар беріп, болашаққа дұрыс жол көрсету!
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/702-tsifrly-k-sibi-ba-darlau.html#sigFreeId18661bcd68