Саяси қуғын-сүргін құрбандары — жастар жадында - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық.
Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз. Сондықтан 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Осы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Т.Бимбетованың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары — жастар жадында» атты эссе жазды.
Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.