«ЖАДЫРАҒАН ЖАНЫ ГҮЛДЕЙ ЖЕҢЕШЕ-АЙ!» Халықаралық Отбасы күні аясында «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ де «Сырғалым» жеңгелер клубымен мектеп психологы Дана Ерманқызының ұйымдастыруымен сырласу кеші өткізілді. Кеш барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы жеңгемен сыр бөлісу арқылы қиын кезеңнің кейбір мәселелерін жеңілдетуге болатындығы жөнінде пікір алмасу болды. Сонымен қатар қатысқан жеңгелеріміздің өз жақындарының сырын қаншалықты жақын танитындығын анықтау мақсатында тренинг өткізілді. «Сіз қандай жеңгесіз?» сауалнамасы алынды. Сонымен қатар жеңгенің қолдауының қаншалықты маңыздылығы мен қазіргі жеңгелердің жақындық деңгейі жөнінде бейнебаян көрсетіліп, жақсы жеңге болудың құпиялары айтылды.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/658-zhadyra-an-zhany-g-ldej-zhe-eshe-aj.html#sigFreeIdf12aedca8b