Құрметті ата-аналар! Сіздерді төтенше жағдайдың алдын алуға, балалардың үйдегі, жолдағы қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді төтенше жағдайдың алдын алуға, балалардың үйдегі, жолдағы қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз!
Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді. Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.
Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп-қатерлер де жоқ емес.
Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.
Су қоймаларының жанында абай болыңыз! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар! Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар.
Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:
❗Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін!
❗Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын!
❗Бірден бөлектеу кетіп қалсын!
❗Танымайтын адамдарға есік ашпасын!
Ата-аналар мен ересектер тарапынан үй жағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұранады. Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық!