«Еркін елдің ұланымыз» атты областық акция - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Бүгін Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Еркін елдің ұланымыз» атты областық акция аясында әскери-спорттық «Үш жарыс» ойыны ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы, ҚР -ның Қарулы Күштері құрылғанына 29 жыл, «Қарулы күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанына 10 жыл толуына орай және 7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылған ойын: АК-74 бөлшектеу және жинау, нысанаға көздеп ату және оқжатарды уақытқа жинау түрлерінен өтті. Нәтижесінде: жалпы командалық есепте 1 орын – 10 Б қ/б, 2 орын – 10 В қ/б, 3 орын-10 А о/б ие болды. Ең үздік нәтиже көрсеткені үшін мадақтамалармен келесі оқушылар марапатталды: Ондыбай Мейіржан 10 Б К/о, Мейрамбай Азамат 10 В/о, Жалғас Ерасыл 10 Б к/о.