Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 28 сәуір күні мектепте "1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі" күніне арналған бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Іс-шара қонағы ретінде Сәтбаев қалалық Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының үлестірушісі Серикова Айдана Еркиновна және мектеп ұстаздары қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған ұйымының мүшелері мақсат, міндеттерімен таныстырды. Мектеп директорынің оқу ісі жөніндегі орынбасары кәукербекова Ляззат Тілеубергенқызы сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/602-abaj-atynda-y-4-mektep-litsejinde-28-s-uir-k-ni-mektepte-1-mamyr-aza-stan-khaly-taryny-birligi-k-nine-arnal-an-biry-aj-zhas-lan-zh-ne-zhas-yran-jymyna-abyldau-saltanatty-zhiyny-tkizildi.html#sigFreeId587a7647a0