24.04 күні "Абай атындағы№4 мектеп-лицейі" КММ ауласында Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жасыл Қазақстан» экологиялық апталығы аясында «Жасыл ел – жарқын болашақ» акциясы өтті. Игі шараның мақсаты – мектеп ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау болып табылады.
Акцияға қатысушылар мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған 1-сынып оқушылары мен 2021 жылдың түлектері мектеп ауласына 30 түп сирень ағаштарын отырғызуға қызығушылықпен белсене ат салысты.
Ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың міндеті. Қаламыз гүлденіп, көркеюі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осындай игі шараға атсалысайық!