Естен кетпес жылдар тарихы - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль апатына 35 жыл толуына орай залалсыздандыру жұмыстарына ат салысып, аянбай еңбек еткен қаламыздың ардагерлері — Утепов Мұратбек, Ажимов Қабылғазы, Атеев Мейрамқұл, Жантемиров Қамбар, Мыңбаев Сұлтанғали, Байтасов Асқарбек ағаларымызбен Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында кездесу өтті.
Кездесу барысында ағаларымыз оқушыларға тұжырымды әңгіме айтып, сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында Чернобыльдықтар одағының басшысы Утепов Мұратбек аға мектебімізге қолтаңбасы жазылған "Тағдыр","Естен кетпес жылдар тарихы" кітаптарын сыйға тартты.