Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы.
Осыған орай, «Жасыл Қазақстан» экологиялық апталық аясында 2 «Б» сынып оқушылары «Қадірлейік Жер-Ананы!» атты коллаж көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері және оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға үйрету.
Оқушылар Жер-Анаға, табиғатқа, қоршаған ортаны қорғау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашты.
Сынып жетекшісі: Маденова Э.К.#сәтбаевбілімбөлімі
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/566-adirlejik-zher-anany.html#sigFreeIde48e41e7d0