Мөлдір денелер мен материалда - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үштілді білім берудің кіріктірілген апталығы аясында 2 “Д” сыныбында "Мөлдір денелер мен материалдар" атты танымдық шара өтті. Оқушылар тәжірибе жасау арқылы материалдардың жарық өткізетіндігін және оны адамдардың қалай пайдаланатынын түсінді, айналаны жақсы бақылау үшін кейбір нысандардың мөлдір материалдардан салынғандығы туралы мол мәлімет алды. Танымдық шараға оқушылар белсене қатысты. Сынып жетекшісі: Дарбызбаева А.А