Алып тұлға-Қаныш аға - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде  12-сәуір Қаныш Сәтбаевтің туған күні және Қазақстан Ғылым академиясына 75 толуына орай А.С.Байжуманованың ұйымдастыруымен ұлт тарихына, қазақ ғылымына, өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға Қаныш Сәтбаевтің адамдық болмысы мен елеулі еңбегін насихаттау, поэзия әлемінде қалам тартып жүрген мектебіміздің  жас ақындарының өнеріне қолдау көрсету мақсатында  «Алып тұлға-Қаныш аға» атты тақырыпта 5-11 сынып оқушылары арасында мүшәйра болып өтті.Мүшәйраға қатысушылар «Жаныма жақын жырларым » бөлімінде  өз өлеңдерін оқыса, ««Білгір болсаң тауып көр» кезеңінде ұяшық таңдау арқылы Қ.Сәтбаевтің өмірі мен шығармашылық жолы жайлы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, жас ақындарымыз өздерінің ұшқыр ойлылықтарын, шапшаңдықтарын көрсете білді. Мүшәйра соңында талапкерлердің тіл байлығына, сөйлеу мәдениетіне сахнада өзін-өзі ұстауына мән берген қазылар алқасының шешімімен I орынды 7 «Г» сынып оқушысы Орашева Саяжан иеленді.ІІ орынға 9 «Г» сынып оқушысы Төлеубай Ермек лайық деп танылса, ІІІ орынды 10 «Б» сынып оқушысы Сәбит Сағыныш қанағат тұтты..Сайысқа қатысушы барлық сайыскерлер мадақтамамен марапатталды.