«Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылық апталығы
Абай атындағы 4 мектеп- лицейінде 1-6 ақпан аралығында «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылық апталығы белгіленген жоспар бойынша өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу болатын.
Апта соңында «Болашақ мектебі», «Менің әлемім» тақырыбындағы фото коллаждар мен бейне байқаулар, «Роботтар жарысы», «Желі бойынша қозғалыс» аты Робототехника сайыстары жоғары деңгейлерде өткізілді.
Барлық оқушылар «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысқандары үшін апталық соңында алғыс хаттар, дипломдармен марапатталды.