«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММнің ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәні мұғалімі Уразбекқызы Қарлығаш 3 сыныптар арасында «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында танымдық ойын сабағы негізінде өткізілген іс-шарасы туралы мәлімет.
Сабақтың Тақырыбы: «Ақпараттық қауіпсіздік»
Күні: 3.02.2021 ж
Сағат: 12.00
Мақсаты: Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздікті тереңінен түсініп, заманға сай сауатты, ақпаратты, білімді болуларына ықпал ету.
Сабақтың басы амандасумен басталып, әрі қарай тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік туралы бейнеүзінді көрсетілді. Одан кейін оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтылды.
Оқушылармен зум платформасында «Ақылды ІТ-шылар» мен «Пысық Программистер» деп екі бөлінді. «Ия,жоқ» ойыны мен «Ребус» бас қатырмасы ойналды. Оқушылар өздерінің түйген ойларымен бөлісіп, бүгінгі танымдық сабақтан өздеріне керекті ақпарат алды.