«Цифрлық әлем» ақпараттық дамыту апталығы - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастама алған "Цифрлық әлем" апталығы аясында 4 ақпан күні 6"Е"сынып оқушыларымен "IT әлеміне саяхат" тақырыбында танымдық сайыс өтті. 
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Жан-жақты білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту.  Тапқырлыққа, тез ойлауға, жылдамдыққа баулу.  Сайыс өз мақсатына жетті. Оқушылар бар білімдерін ортаға салды. Соңында жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.