Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде ақпан айының төрті күні «Өнегелі өмір" жобасы аясында ZOOM платформасында жас буынға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету мақсатында кездесу өтті. Ғибратты ғұмырдың құрметті қонағы- Филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық айтыстардың жеңімпазы, республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері. Бір оқулықтың, бір ғылыми монографияның, отызға жуық ғылыми мақаланың, көптеген публицистикалық мақалалардың авторы, Бірнеше әдеби, ғылыми-танымдық жинақтардың құрастырушысы - Серікзат Дүйсенғазинмен болды.
Онлайн-сұхбат барысында оқушылар сұрақтар қойып, белсене қатысты. Онлайн-кездесу әсерлі болды.
Серікзат ағаға тағылымы мол әңгімесі үшін алғыс айта отырып, деніне-саулық, отбасына-амандық, еңбегіне- шығармашылық тілейміз.