«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы. «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Карабекова Дана Ерманқызы 9- сыныптар арасында «Желідегі киберқауіптер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – киберқауіптің көбейіп кетуі, олардан сақтану жолдары, желіні дұрыс пайдалану, бейтаныс сайттар мен бейтаныс адамдармен вертуалды әлемде байланыс жасаудың әдептері мен ережелері туралы оқушыларға түсіндіру. Ақпараттық әлемдегі қауіпсіздікті неден бастау керектігі туралы, әлеуметтік желі арқылы адамдармен қалай байланыс жасау әдептіліктері, қазіргі таңда киберқылмыстардың қармағына ілініп қалмас үшін қандай жайттарды ескеріп жүру керектігі айтылды. «Сандарды ретімен айт» тренингі өткізілді. «Телефон ойыны» сергіту сәті ретінде ұйымдастырылды. «Ең жақын адамға жақсы тілек» сол сәттегі телефон шалу арқылы жақын адамның эмоциясымен баланың отбасымен қаншалықты қарым-қатынаста екендіктеріне қарап, өте керемет көріністерге куә болдық.