«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Смаилова Назгул Конысовна 5-6 сыныптар арасында «Менің қауіпсіз желім» атты сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты: Интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, оқушылардың интернет туралы толық ойын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың басы амандасумен басталып, әрі қарай тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға желі қауіпсіздігі туралы бейнеүзінді көрсетілді. Одан кейін оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтылды. Сабақ барысында LearningApps.org платформасында бірнеше ойындар ұйымдастырылды.
Оқушылар зум платформасында 2 топқа бөлініп, постер қорғады. 1- топ оқушылары әлеуметтік желінің пайдасы туралы, 2-топ әлеуметтік желінің зияны туралы қорғап шықты.