«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында «Оқу сауаттылығы» апталығы - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қаңтардың 18-і мен 23-і аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында «Оқу  сауаттылығы» апталығы өткізілуде. 

Осы апталықтың аясында қаңтардың 21-де «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»КММ-де «Ұстаздық еткен жалықпас ...»  тақырыбында мұғалімдер арасында «Ой мен ойын» сайысы өткізілді. Топ-топқа бөлінген мұғалімдер туған жеріміздің тарихы, оқу-әдістемелік кешен, білім беру мазмұны, оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап іздеді. Одан соң «Сандар сөйлейді ...», «Әзілің жарасса ...», «Хат жазамын ...» айдарындағы тапсырмаларды орындады. Топ басшылары үшін блиц сұрақтар берілді. Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталды.